Электрондық кітапхана Дс–Жм: 9:00–18:00 Сайт картасы

Магистралды мұнай құбырларын ішкі құбыр диагностика көрсеткіштері бойынша қауіпсіздікке басқару/Шуланбаева, Л. Т.

 

QR-код құжат

Бағалар: 0

39.71
Ш 95

Шуланбаева, Л. Т.
    Магистралды мұнай құбырларын ішкі құбыр диагностика көрсеткіштері бойынша қауіпсіздікке басқару [Текст] / Л. Т. Шуланбаева, А. Б. Кайрошева // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2019. - Т. ІІ, № 4-2 (57). - Б. 222-228 (Орал) . - ISSN 2305-9397
КБЖ 39.71

Айдарлар: Магистральдық құбырлар

Түйін сөздер (бақыланбайтын):
отандық басылым -- ғылыми журнал -- мерзімдік басылым -- магистральдық құбырлар -- коррозия -- құбыр қауіпсіздігі
Аңдатпа: Қауіпсіздікті басқару элементтері белгілі болғандай диагностика болып табылады, диагностика нәтижелерін талдау, беріктік пен қалдық ресурсты есептеу, болжау, практикалық шешімдер қабылдау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, пайдалану процесінде технологиялық параметрлерді бақылау болып табылатыны белгілі. Осы элементтердің барлығы қандай да бір дәрежеде дамиды және жетілдіріледі, кейбіреулері тезірек, басқалары артта қалумен. Бұдан басқа, барлық құбырлар, ескі және жаңа, металлургиялық (қатпарлану және металл емес қосылыстар), құрылыс (майысулар, гофрлар, дәнекерлеу ақаулары), пайдалану (коррозиялық ақаулар, механикалық ақаулар) ақаулары түрінде көптеген сәйкессіздіктерді қамтиды. Бұл кез келген құбырдың құбырішілік диагностикасының нәтижесінен көрінеді. Бірақ құбырішілік диагностика жүргізілгеннен кейін анықталған ақаулардың қауіптілігін дұрыс бағалау және жөндеудің жақсы негізделген жоспарларын қабылдау аса өзекті мәселе болады. Ең жоғары тиімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Қауіпті ақауларды жөндеусіз қалдыруға болмайды. Қауіпті емес ақауларда жөндеу жұмыстарын орындау мағынасыз шығындарға әкеледі. Сондықтан жөндеу жұмыстары көлемінің ақаулар құрамына және құбырдың жұмыс жағдайларына дәл сәйкестігі болуы тиіс. Осылайша, мұнай құбырларында мұнайды қауіпсіз және тоқтаусыз айдау үшін құбырішілік диагностика жүргізу әдісімен құбырдың қауіпсіздігін болжау жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, көптеген ірі өндірістік нысандар сияқты құбырлар қоршаған ортаға қауіп көзі болып табылады. Сондықтан қауіпсіздік проблемаларына, сондай-ақ құбыр көлігі жүйелерінің қауіпсіздігіне байланысты мәселелер қазіргі уақытта сыни қарауды және жетілдіруді талап етеді. Бұл мақалада қауіпсіздік саласындағы барлық проблемаларды түпкілікті шешуге тырыспай, олардың бір бөлігін шешуге әрекет жасалады.
Қосымша іздеу нүктелері:
Кайрошева, А. Б.

Жіктелімі бойынша ұқсас басылымдар